Спорт

Серік Сәпиев басшылық қызметке келді

© Photo : Предоставлено Пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Республики КазахстанСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
Ол алдағы жоспарларды белгіледі
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім", - деп жазды ол.
Сәпиев Туризм және спорт министрлігіне және іс-шараға қатысқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Бұған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалғанын жазған едік.
Новые назначения в Минтуризма и спорта Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралды
Жаңалықтар
0