Денсаулық сақтау министрлігі енді мектепті тексеретін кезде алдын ала ескертпейді

© Sputnik/Ертай СарбасовПитание в школьных столовых Алматы
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарындағы тамақтану нысандарын мемлекеттік бақылау саласындағы тәсілдерді өзгертеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улану жағдайы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды мемлекеттік бақылау тәсілдерін өзгерту қажеттігін көрсетті. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі", - деп жазылған хабарламада.
Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолданыстағы нормалар уәкілетті органдарға балалар болатын нысандарды мемлекеттік бақылаумен толық қамтуға мүмкіндік бермейді.
Бұған дейін хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуде.
Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды.
Маңғыстауда балалар тамақтан уланды - министрлік тексеріс бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Маңғыстауда балалар тамақтан уланды - министрлік тексеріс бастады
Жаңалықтар
0