Иранда үш күндік аза тұту жарияланды

CC BY 4.0 / Tasnim News Agency/Meysam Mirzadeh (cropped image) / Дым поднимается после взрыва на территории морского порта в городе Бендер-Аббас, Иран
Дым поднимается после взрыва на территории морского порта в городе Бендер-Аббас, Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ирандағы Шахид-Раджаи портындағы жарылыстан қайтыс болғандардың саны 28 адамға жетті. Бұдан бөлек 1 139 адам зардап шекті. Провинция губернаторы Хормозган Мохаммад Ашури үш күндік аза тұту жариялады.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, жарылыстан кейін тараған өрт 80 процентке ауыздықталған соң от қайта тұтанған.
The New York Times газеті портта натрий перхлораты жарылуы мүмкін екенін жазды. Оны зымыран отыны үшін пайдаланады. Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша дәл сол затты дұрыс сақтамаған. Соның салдарынан жарылыс болған. Зымаран отыны Шахид-Раджаи портына наурыз айында жеткізілген болатын.
Айта кетері, 26 сәуірде портта қатты жарылыс болды. Оның дыбысы 26 шақырым шалғай жердегі Кешм аралында да естілді.
Шахид-Раджаи – Ирандағы ірі порт. Ол арқылы транзиттік жүктердің басым бөлігі өтеді. Төтенше жағдайдан кейін порттың жұмысы тоқтатылды.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Тоқаев портта болған қайғылы оқиғаға байланысты Иран президентіне көңіл айтты
Жаңалықтар
0