https://sputnik.kz/20250426/reseydegi-zhenis-sheruine-qatysatyn-qazaqstandyq-desantshylar-maskeuge-bardy-52901398.html
Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысатын қазақстандық десантшылар Мәскеуге барды
Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысатын қазақстандық десантшылар Мәскеуге барды
Sputnik Қазақстан
Парадқа генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлері 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы жауынгерлері қатысады 26.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-26T16:50+0500
2025-04-26T16:50+0500
2025-04-26T16:50+0500
жеңістің 80 жылдығы
ресей
әскери парад
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52900590_0:154:735:567_1920x0_80_0_0_303a6b5253a8fbb9ec18121998c9691e.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстан атынан Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысатын 80 десантшы-жауынгер Мәскеуге барды, деп хабарлайды еліміздің қорғаныс министрлігі.9 мамырда Мәскеудегі парадқа Қазақстан атынан Десанттық-шабуылдау әскерлері Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37 десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған парадтық есептоп шығады.Министрлік атап өткендей, 1941 жылы Волоколамск бағытында Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының құрамында Панфилов жауынгерлері болды. Барлық жеке құрамның шайқастарда көрсеткен ерлігі, табандылығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін дивизия "ҚЫЗЫЛ ТУ" орденімен марапатталып, "ГВАРДИЯЛЫҚ" деген атақ берілді.Чкаловский әскери әуеайлағында қазақстандық десантшыларды Ресейдегі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алды. Ол жауынгерлерге тарихи маңызы бар шарада елдің атынан абыроймен сап түзеп өтуіне тілектестік білдірді.Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.Парадтың есептобында барлығы 80 адам бар. Олардың 2-еуі – офицер, 28-і – келісімшарт бойынша әскери қызметші және 40-ы – мерзімді қызметтің сарбазы.Айта кетері, 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда қашан да дайын. Бейбіт уақытта ол төтенше жағдай режимінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны күшейту, аса маңызды объектілерді күзету және қорғау, бөлімшелерді терроризмге қарсы операцияларда, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда қолдану міндеттерін орындайды.
https://sputnik.kz/20250425/80-desantshy-zhauynger-qazaqstan-atynan-maskeude-otetin-zhenis-sheruine-qatysady---52867330.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52900590_0:85:735:636_1920x0_80_0_0_90937becb6c0682d5d165d00fb7f3f2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, әскери парад, 9 мамыр – жеңіс күні
ресей, әскери парад, 9 мамыр – жеңіс күні
Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысатын қазақстандық десантшылар Мәскеуге барды
Парадқа генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлері 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы жауынгерлері қатысады
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстан атынан Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысатын 80 десантшы-жауынгер Мәскеуге барды, деп хабарлайды еліміздің қорғаныс министрлігі.
9 мамырда Мәскеудегі парадқа Қазақстан атынан Десанттық-шабуылдау әскерлері Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37 десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілерінен құралған парадтық есептоп шығады.
Министрлік атап өткендей, 1941 жылы Волоколамск бағытында Мәскеуді ерлікпен қорғаған 316 атқыштар дивизиясының құрамында Панфилов жауынгерлері болды. Барлық жеке құрамның шайқастарда көрсеткен ерлігі, табандылығы, батылдығы мен жанқиярлығы үшін дивизия "ҚЫЗЫЛ ТУ" орденімен марапатталып, "ГВАРДИЯЛЫҚ" деген атақ берілді.
Чкаловский әскери әуеайлағында қазақстандық десантшыларды Ресейдегі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алды. Ол жауынгерлерге тарихи маңызы бар шарада елдің атынан абыроймен сап түзеп өтуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты лекті 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, екінші дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған полковник Алмас Төлегенов басқарады.
Парадтың есептобында барлығы 80 адам бар. Олардың 2-еуі – офицер, 28-і – келісімшарт бойынша әскери қызметші және 40-ы – мерзімді қызметтің сарбазы.
Айта кетері, 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіреді. Бұл әскери құрылым жауынгерлік тұрғыда қашан да дайын. Бейбіт уақытта ол төтенше жағдай режимінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны күшейту, аса маңызды объектілерді күзету және қорғау, бөлімшелерді терроризмге қарсы операцияларда, табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда қолдану міндеттерін орындайды.