Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қазақстандықтар "Жеңіс диктантын" жазды

© Sputnik/ Ануар МаратовАкция "Диктант Победы" в Астане
Акция Диктант Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда "Жеңіс диктанты" ұйымдастырылды. Ал Астанадағы шара Орыс үйінде өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жастар және қоғамдық маңызы бар бастамалардың жетекшісі Сергей Каймашниковтың айтуынша, "Жеңіс диктанты" адамның өз білімін тексеруге мүмкіндік береді. Ал, ең бастысы, сол Жеңісті әкелген батырлардың есімін еске алуға арналып отыр.
"Қазақстан бұл акцияны үнемі қолдап отырады. Биыл да республика бойынша 20 жерде "Жеңіс диктанты" жазылды. Диктантта 25 сұрақ және жауаптың 4 нұсқасы қарастырылған. Соның ішінде барлық жауынгердің ерлігіне қатысты сұрақтар бар. Сондай-ақ, алты сұрақ батыр қазақстандықтардың ерлік істеріне арналған. Жастар олардың ерлігін, ата-бабаларының Жеңіске қосқан үлесін білуі керек", - дейді Каймашников.
Диктантты жазу үшін жас ерекшелігіне қарай шектеу қойылмайды, кез келген адам "Жеңіс диктантын" жаза алады.
© Sputnik/ Ануар МаратовАкция "Диктант Победы" в Астане
Акция Диктант Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Акция "Диктант Победы" в Астане
Биылғы диктант әлем бойынша 90 елді қамтып отыр. Соның ішінде Албания, Гвинея, Индонезия, Кения, Мадагаскар, Намибия, Мьянма мен Танзания алғаш рет қатысты. Осылайша, 350 жерде бір уақытта "Жеңіс диктанты" жазылды.
Диктант қатысушыларына арнайы куәліктер де табысталды. Ал ең жоғары ұпай жинағандарға дипломдар мен естелік сыйлықтар жіберіледі.
© Sputnik/ Ануар МаратовАкция "Диктант Победы" в Астане
Акция Диктант Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Акция "Диктант Победы" в Астане
Жаңалықтар
0