Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Қазақстандық дзюдошы Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Жазылу
Дзюдодан Азия чемпионаты Тайланд астанасы – Банкокта өтіп жатыр
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының тағы бір медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бақыт Құсақбаева (57 келі) қола жүлде үшін өткен белдесуде түркіменстандық Майса Пардаевадан басым түсіп, өз мансабында алғаш рет сары құрлықтың жүлдесін еншіледі.
Бұған дейін Қазақстан спортшылары алғашқы күні бірден екі медаль ұтып алған болатын. Атап айтқанда, Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Шерзод Давлатов (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетері, дзюдодан Азия чемпионаты Тайланд астанасы – Банкокта өтіп жатыр. Турнир 28 сәуірге дейін жалғасады.
Бангкокта Азия чемпионаты басталды – Қазақстан екі медаль ұтып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Бангкокта Азия чемпионаты басталды – Қазақстан екі медаль ұтып алды
Жаңалықтар
0