https://sputnik.kz/20250426/almatyda-sogys-ardagerlerinin-ziratyn-tazartu-aktsiyasy-bastalady-52907060.html
Алматыда соғыс ардагерлерінің зиратын тазарту акциясы басталады
Алматыда соғыс ардагерлерінің зиратын тазарту акциясы басталады
Sputnik Қазақстан
Жастар Кеңсай зиратының маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды 26.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-26T20:44+0500
2025-04-26T20:44+0500
2025-04-26T20:44+0500
жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52897818_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_307cc0a9ba716c2637bb0c50355046d9.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Оның аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен майдангерлер, белгілі қаламгерлер мен көрнекті тұлғалар жерленген Кеңсай зиратын тазарту және абаттандыру бойынша жастар акциясы өтіп жатыр.Бұл зиратта екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және тағы басқалары жерленген.Акцияға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, жастар және волонтерлік ұйымдар қатысты. Олар аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, зират маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды.Іс-шара өткенге тағзым етіп, майдангерлердің рухына құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250426/zhenistin-80-zhyldygyna-oray-300-den-astam-askeri-qyzmetshi-zhappay-zhugirdi-52903807.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52897818_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_590ddc6d5988b6a096f5e989e4c18551.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым, 9 мамыр – жеңіс күні
жеңіске тағзым, 9 мамыр – жеңіс күні
Алматыда соғыс ардагерлерінің зиратын тазарту акциясы басталады
Жастар Кеңсай зиратының маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен майдангерлер, белгілі қаламгерлер мен көрнекті тұлғалар жерленген Кеңсай зиратын тазарту және абаттандыру бойынша жастар акциясы өтіп жатыр.
Бұл зиратта екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және тағы басқалары жерленген.
Акцияға шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері, жастар және волонтерлік ұйымдар қатысты. Олар аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, зират маңын ретке келтіріп, гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара өткенге тағзым етіп, майдангерлердің рухына құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.