https://sputnik.kz/20250426/almatyda-ortalyq-aziya--qytay-formatyndagy-syrtqy-ister-ministrlerinin-kezdesui-otti-52893761.html
Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
Sputnik Қазақстан
"Орталық Азия – Қытай" форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттары бойынша ортақ міндеттемелер... 26.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-26T14:24+0500
2025-04-26T14:24+0500
2025-04-26T14:24+0500
алматы
қытай
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52891226_0:11:1280:731_1920x0_80_0_0_e0c5ceb77e947383932acf28ef7c3582.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті, ҚР СІМ.Кезекті кездесуге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сырқы істер министрлері, сондай-ақ Түрікменстан өкілі қатысып, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көліктік өзара байланысты дамыту, сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлермен бірлесіп күресу, сондай-ақ өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды. Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарына негізделген көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.Қазасқтанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, "Орталық Азия – Қытай" көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы формат "Орталық Азия +" тетіктері арасында флагманға айналуы қажет.Кездесудің қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады. Онда "Орталық Азия – Қытай" форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттемелер бекітілді.
алматы
қытай
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52891226_146:0:1134:741_1920x0_80_0_0_c485bb9f226d03ed3e6df1f68aeba24e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қытай, орталық азия
алматы, қытай, орталық азия
Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
"Орталық Азия – Қытай" форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттары бойынша ортақ міндеттемелер бекітілді
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматыда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті, ҚР СІМ.
Кезекті кездесуге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сырқы істер министрлері, сондай-ақ Түрікменстан өкілі қатысып, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көліктік өзара байланысты дамыту, сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлермен бірлесіп күресу, сондай-ақ өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды.
Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарына негізделген көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Қазасқтанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін негізгі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, "Орталық Азия – Қытай" көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы формат "Орталық Азия +" тетіктері арасында флагманға айналуы қажет.
"Ал көшбасшылардың алдағы кездесуі мәңгілік достық пен өркендеудің жаңа кезеңін ашуы тиіс. Ол үшін барлық жағдай жасалып жатыр", – деп атап өтті Нұртілеу.
Кездесудің қорытындысы бойынша сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады. Онда "Орталық Азия – Қытай" форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттемелер бекітілді.