Елорда тынысы

1 миллионнан асты: Астанада автобустағы жолаушылар легі рекордтық деңгейге жетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевОплата в автобусе
Оплата в автобусе - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Жазылу
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш 1 млн сапарды құрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан CTS -ке сілтеме жасап.
Компанияның хабарлауынша, қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам болатын елорданың қоғамдық көлігіндегі тәуліктік жолаушылар легі 1 005 329 сапарды құрады.
2024 және 2025 жылдары көзделген келесі шаралардың жүзеге асырылуы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыруға және жолаушылар легінің айтарлықтай өсуіне мүмкіндік берді:
700-ден астам жаңа автобус жеткізілді;
қоғамдық көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы 16 км/сағ-тан 18 км/сағ-қа дейін артты;
автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды;
Bus lane (автобус жолағы) 130 шақырымға дейін ұлғайды/ұзарды;
5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1210 автобус шығады.
Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Елорда әкімдігі кептелістен құтылу үшін қоғамдық көліктің санын көбейтпек
Жаңалықтар
0