https://sputnik.kz/20250425/soltustik-qazaqstanda-zhumys-berushinin-50-bas-malyn-urlagandar-ustaldy-52853209.html
Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушінің 50 бас малын ұрлағандар ұсталды
Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушінің 50 бас малын ұрлағандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер қолды қылған малдың бәрін сатып үлгерген 25.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-25T22:30+0500
2025-04-25T22:30+0500
2025-04-25T22:30+0500
мал
ұрлық
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/19/52853354_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_395726cc6f9d12faf43ec9d59be4de10.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарының бірінде ірі көлемдегі мал ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Тимирязев ауданының полиция бөліміне жергілікті серіктестіктің директоры жүгінді. Ол шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзаудың жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрады. Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және өңірдің әр түрлі аудандарына сатылған. Қазіргі уақытта құжаттарының бар-жоғын сұрамай сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды, бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Ірі көлемде мал ұрлаған күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалауы мүмкін.
https://sputnik.kz/20240115/qaragandy-oblysynda-mal-urlagan-qylmystyq-top-ustaldy--video-41577909.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/19/52853354_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_0ab3eb4f8ce7deffad528752326425ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал, ұрлық, солтүстік қазақстан облысы
мал, ұрлық, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда жұмыс берушінің 50 бас малын ұрлағандар ұсталды
Күдіктілер қолды қылған малдың бәрін сатып үлгерген
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарының бірінде ірі көлемдегі мал ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Тимирязев ауданының полиция бөліміне жергілікті серіктестіктің директоры жүгінді. Ол шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бас бұзаудың жетіспейтінін анықтаған. Келтірілген залал сомасы 5 млн 800 мың теңгені құрады.
"Серіктестік аумағына күзет қойылмаған, бейнебақылау камералары да орнатылмаған. Ұрлық соңғы айда жасалған болуы мүмкін. Полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысының қатыстылығын анықтады", - делінген хабарламада.
Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және өңірдің әр түрлі аудандарына сатылған.
Қазіргі уақытта құжаттарының бар-жоғын сұрамай сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды, бұл бағытта жұмыс жалғасуда.
Ірі көлемде мал ұрлаған күдіктілер 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалауы мүмкін.