Құмар ойындар бойынша тағы бір шектеу енгізілді - Тоқаев заңға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевКасым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты
Касым-Жомарт Токаев подал в ЦИК документы для регистрации кандидатом в президенты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау мен ойын бизнесіне қатысты өзгерістер енгізілген заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұдан былай онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер тегін болады. Одан өту үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының бар-жоғын тексермейді. Мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету шаралары да қарастырылған.
Ал ойын бизнесі бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарнамалауға тыйым салынады.
"Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау рұқсат етілген бұқаралық ақпарат құралдарының шеңбері тарылды, олар енді тек спорттық бағытта болуы керек", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бойынша сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдарға құмар ойындарға қатысуға немесе бәс тігуге тыйым салынып отыр.

Бұған дейін қандай шектеулер болды

Былтыр қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынған болатын.
Олар:
21 жасқа толмаған азаматтар;
ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, соның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін) азаматтар;
борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар;
мемлекеттік қызметшілер;
әскери қызметкерлер;
арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады. Биыл наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер жұмыстан қуылған болатын.
Рулетка в казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2024
Қазақстанда 165 мыңға жуық адам өзін құмар ойындардан шектеген
Жаңалықтар
0