https://sputnik.kz/20250425/qamshymen-sabap-koseumen-urgan-sotta-asyrandy-balalardyn-korgen-qorlygy-aytyldy-52836441.html
"Қамшымен сабап, көсеумен ұрған": сотта асыранды балалардың көрген қорлығы айтылды
"Қамшымен сабап, көсеумен ұрған": сотта асыранды балалардың көрген қорлығы айтылды
Sputnik Қазақстан
Тамақты да дұрыс бермеген, тіпті, ботқаға малдың тезегін қосып жіберген 25.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-25T10:46+0500
2025-04-25T10:46+0500
2025-04-25T11:18+0500
жетім балалар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_58:0:1500:811_1920x0_80_0_0_03656bf5e481a9fd5716e7c27b9c71c1.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қарағанды қаласында 6 жетім баланы асырап алған отбасының ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес, Қарқаралы ауданына қарасты ауылдағы бір үй 2018 жылы отбасы типінде балалар үйін ашқан. Одан кейін патронат тәрбиеге балалар үйінен алты жеткіншекті алған. Оларды бірден малға салып, қора-қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен.Прокурордың айтуынша, балаларды қит етсе, көкала қойдай етіп сабаған. Тамақты да дұрыс бермеген, тіпті, ботқаға малдың тезегін қосып жіберген. Бір баланың иттің үйшігінде түнеген кезі де болған.Ал сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Ең кішісінің тіпті басын жарып тастапты. Жаны әрең қалған оның бас сүйегінің бір жеріне пластина салуға тура келген.Алты баланың тәрбиесіне ай сайын 300 мың теңге бөлініп тұрған. Бірақ отбасы мүшелері бәрін өз қажеттіліктеріне жұмсаған, тіпті, букмекерлік ойындарға да салыпты.Қазір үш бала туған әжесінің қарауына берілген. Қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, құлдықтан құтылды.
https://sputnik.kz/20241202/zakieva-12-zhasqa-deyingi-balalardy-uyde-zhalgyz-qaldyruga-zandy-turde-tyyym-saludy-usyndy-48977978.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18140912_419:0:1500:811_1920x0_80_0_0_c67e330f76b152c61a051afec644ff1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетім балалар
"Қамшымен сабап, көсеумен ұрған": сотта асыранды балалардың көрген қорлығы айтылды
10:46 25.04.2025 (жаңартылды: 11:18 25.04.2025) Тамақты да дұрыс бермеген, тіпті, ботқаға малдың тезегін қосып жіберген
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қарағанды қаласында 6 жетім баланы асырап алған отбасының ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, Қарқаралы ауданына қарасты ауылдағы бір үй 2018 жылы отбасы типінде балалар үйін ашқан. Одан кейін патронат тәрбиеге балалар үйінен алты жеткіншекті алған. Оларды бірден малға салып, қора-қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен.
Прокурордың айтуынша, балаларды қит етсе, көкала қойдай етіп сабаған. Тамақты да дұрыс бермеген, тіпті, ботқаға малдың тезегін қосып жіберген. Бір баланың иттің үйшігінде түнеген кезі де болған.
Ал сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19-дан 47-ге дейін тыртық анықтаған. Ең кішісінің тіпті басын жарып тастапты. Жаны әрең қалған оның бас сүйегінің бір жеріне пластина салуға тура келген.
Алты баланың тәрбиесіне ай сайын 300 мың теңге бөлініп тұрған. Бірақ отбасы мүшелері бәрін өз қажеттіліктеріне жұмсаған, тіпті, букмекерлік ойындарға да салыпты.
"Балаларға күнде қол жұмсап отырған. Түкке тұрмайтын қылығына бола қамшымен сабап, көсеумен оңдырмай ұрып келген. Соның салдарынан балалардың басы, беті, қол-аяғы толған тыртық. Дұрыс тамақтанбағандықтан қатарластарына сай дамып өспеген. Зор күш талап ететін қора-қопсының қара жұмысынан шалалық көрсе, үнемі жұдырықтап келген", - дейді прокурор Әділ Садықов.
Қазір үш бала туған әжесінің қарауына берілген. Қалған үшеуі балалар үйіне қайтарылып, құлдықтан құтылды.