Маңғыстау өңірінде үш жаңа теміржол вокзалы салынады

© Photo : көлік министрлігіМаңғыстауда үш жаңа теміржол вокзалы салынады
Маңғыстауда үш жаңа теміржол вокзалы салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Облыстағы теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталды, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында биыл 125 теміржол вокзалында қайта жаңарту жұмыстары басталды, оның 21-i тікелей туристік бағыттағы нысандар.
"Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Нысан ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды орнатуды қарастырдық. Жолаушылар ағыны мен саны артып, туризм де дами түспек",- деді көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау өңіріне барған жұмыс сапарында.
Шетпе вокзалының ауданы 5 есе, ал Бейнеу вокзалының ауданы 10 есе артады.
Сонымен қатар биыл мамандар 404 шақырымдық Бейнеу-Маңғыстау теміржолын жаңартады.
Пойыз қозғаласын реттейтін жүйе (автоблокировка) Шалқар-Бейнеу және Маңғыстау-Өзен теміржолдарында орнатылады.
Еліміздегі 125 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Елдегі 125 теміржол вокзалы жөндеуден өтеді
Жаңалықтар
0