Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Елімізде "Батырларға тағзым" онлайн-порталы іске қосылды

© Photo : Пресс-служба ЕЭКФотовыставка, посвященная 80-летию Победы
Фотовыставка, посвященная 80-летию Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері туралы ақпарат жинақталған
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында "Батырларға тағзым" атты бірегей онлайн-порталын іске қосты.
Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу.
Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар.
Министрліктің мәліметінше, сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 "Даңқ" орденінің кавалері туралы ақпарат жинақталған.
"Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар өз ардагер туыстары туралы деректерді қосуға, жаңалықтармен танысуға мүмкіндік береді. Осылайша бұл портал тарихты болашақ ұрпақ үшін сақтап, батырларға тағзым етіп, құрмет көрсетуге арналған платформа қызметін атқарады", - делінген министрліктің хабарламасында.
Онлайн-порталды пайдаланушылар:
сайтқа өз туысының тарихын қоса алады: әр адамның соғысқа қатысқан жақындары туралы естеліктерімен бөлісуге болады.
фотосуреттерді жүктей алады: әр қолданушы ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктеп, оның жарқын бейнесін мәңгілікке аманат етуге мүмкіндігі бар.
ардагерлердің жаңа мәліметтерін қоса алады: веб-порталдың дерекқорында жоқ ардагерлердің мәліметтерін оңай енгізуге болады.
батырлар галереясын көре алады: сайтта қазірдің өзінде көптеген батырлардың өмірбаяндары жазылған галерея бар, кез келген қолданушы бұл бөлімнен олардың өмірі мен жасаған ерліктері туралы көбірек ақпарат алады.
жаңалықтар үнемі жаңарып отырады: веб-порталда ардагерлерге және жобаға қатысты жаңалықтар мен оқиғалар тұрақты түрде жарияланып тұрады.
Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай республика бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер порталы жаңартылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер порталы жаңартылады
Жаңалықтар
0