https://sputnik.kz/20250425/astanada-ushkir-zat-ustagan-er-adam-zhasospirimderdin-sonyna-tusken-52833271.html
Астанада үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдердің соңына түскен
Астанада үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдердің соңына түскен
Sputnik Қазақстан
Оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауына жақын маңда болған 25.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-25T09:31+0500
2025-04-25T09:31+0500
2025-04-25T09:31+0500
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a0bb047237b5599210083bb382d45695.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жасөспірімдерді өткір затпен қаруланған ер адамнан құтқарып қалды.Ұлттық ұланның мәліметінше, оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында болған. Бұл маңайда әскери жасақтың бастығы Абзал Ерғали, патрульдеушілер Әлихан Аман мен Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.Әскерилер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды.Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ff5e39b1c1045dc66c488fb2dc93e9b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан
Астанада үшкір зат ұстаған ер адам жасөспірімдердің соңына түскен
Оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауына жақын маңда болған
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жасөспірімдерді өткір затпен қаруланған ер адамнан құтқарып қалды.
Ұлттық ұланның мәліметінше, оқиға кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында болған. Бұл маңайда әскери жасақтың бастығы Абзал Ерғали, патрульдеушілер Әлихан Аман мен Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.
Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, жат қылық танытқан белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.
Әскерилер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.
"Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқытқан. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық", – деді қатардағы Абзал Ерғали.
Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.