Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жеңістің 80 жылдығы: 500-ден астам көшеге елеусіз қалған қаһармандардың есімі беріледі

© Photo : пресс служба Алматинского гарнизона102-й день рождения отметил ветеран ВОВ в Алматы
102-й день рождения отметил ветеран ВОВ в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Ең алдымен жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған қаһармандардың есімі берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтеді.
"Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады. Ең алдымен, жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі. Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам", - деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі сессиясында.
Оның айтуынша, Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз.
"Біз сол сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық пен батылдық көрсеткен отандастарымызды әрдайым орасан зор құрметпен есте сақтаймыз", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Президент Жеңістің 80 жылдығына дайындық бір жарым жыл бұрын басталғанын еске салды.
"Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" жоспары да қабылданған болатын. Соның аясында екі мыңнан астам мәдени, ғылыми-зерттеу, ағарту және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Ал құрметті ардагерлерге айрықша көңіл бөлінеді.
"Ұлы Жеңістің мерейлі датасын атап өтуге арналған іс-шаралар легі ауқымды әскери шеруге ұласады. Түптеп келгенде, бұл әскери шерудің мән-маңызы зор болмақ. Себебі мұны бір жағынан майдангерлер мен тыңгерлерге тағзым десек, екінші жағынан қазіргі күрделі геосаяси ахуалда ұлттық рухымыздың мықтылығын көрсететін символ деуге болады", - деді Тоқаев.
Айта кетері, әскери шеру Астанадағы Тәуелсіздік алаңында 7 мамырда өтеді.
Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2024
Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді
Жаңалықтар
0