Түркістан облысында той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео

© Sputnik / Александр АльтманСвадебный кортеж
Свадебный кортеж - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Алты көліктің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Түркістан облысында полицейлер Шымкент – Самара тасжолында жол ережесін бұзған той кортежін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Mercedes-Benz және бес бірдей Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Оларға маневр жасау ережесін бұзу, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер және көлік құралдарын пайдалану тәртібін сақтамау баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар жүргізушілермен жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаңалықтар
0