Тоқаев Ассамблеяны дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступает на сессии Ассамблеи народа Казахстана
Токаев выступает на сессии Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Президент 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекіткен болатын. Оның мерзімі аяқталып келеді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президенттің айтуынша, Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту.
“Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз. Мен 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Оның мерзімі де аяқталып келеді. Сондықтан жаңа құжатты дайындау жұмысына қазірден бастап кірісу керек, яғни, 2026-2030 жылдарға арналған басымдықтарды айқындау қажет. Тұжырымдаманың жобасында қоғамды ұйыстырып, үйлесімді дамуға жол ашатын жаңа әдіс-тәсілдер көрініс табуы керек. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың құқықтарын қорғауға арналған негізгі қағидаттар көрсетілуге тиіс“, - деді Тоқаев ассамблеяның бүгінгі сессиясында.
Ал үкімет этносаралық саладағы республикалық және өңірлік жұмыс жоспарының барлығын жан-жақты сараптап, оның тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныс енгізуі қажет.
Айтуынша, ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керек.
Токаев выступает на сессии Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Тоқаев Ассамблеяны дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды
Жаңалықтар
0