"Қолын басып кетіппін": Балаларды өрттен құтқарған оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Ортадағы бөлмеге кіріп едім, бір затқа шалынып қалдым. Ұстап көрсем бесік екен, дейді Қыдырәлі Қыздарбек
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Таразда №54 мектептің 10-сынып оқушысы өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды. Оқиғаның қалай болғанын Қыдырәлі Қыздарбектің өзі айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сабақтан шығып үйге қайтып келе жатқан оқушыларды көпқабатты үйдің тұрғыны көмекке шақырған.
© Photo : Айдана ДайыроваТаразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды
Таразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Таразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды
"Квартира горит" деді ол кісі, біз түсінбей тұрып қалдық. Мен сөмкемді лақтыра салып, жүгіріп кіріп кеттім. Үшінші қабатқа көтерілгенде түтін басқанын көрдім. Дереу жемпірімді шешіп, аузыма орап, ары қарай көтеріле бердім. Өрт шатаспасам төртінші қабатта болды. Есікті аштық, артымнан біреу жүгіріп келді, кім екенін білмеймін, денеме денесі тиіп жатты. Негізі терезені ашам деген оймен жүгірдім, үй қара түтін, терезенің жарығы көрініп тұрды. Ортадағы бөлмеге кіріп едім, бір затқа шалынып қалдым. Ұстап көрсем бесік екен. Ішінді бала жылап жатты. Қасымдағы кісі екеуміз бесікті көтеріп, сыртқа беттедік", - дейді Қыдырәлі Қыздарбек.
Екеуі жанталасып бесікті сыртқа сүйрегенде, Қыдырәлі жұмсақ бір затты басып кеткендей болады.
"Кішкентай баланың қолын басып кетіппін, ол да жылап жатыр. Біз қасымдағы кісі екеуміз бесікті көтеріп, бір баланы иығымызға салып төменге қарай түстік. Астыңғы қабатта бір ата тұр екен, балаларды сол кісіге далаға шығарыңыз деп, үстіңгі қабатқа қарай қайта жүгірдік. Осы кезде тағы екі адам балалардың анасын көтеріп шығып келе жатты", - дейді оқушы.
Қыдырәлі түтін басқан пәтердің қабырғасын сипалап жүріп, әр есікті қағып, ішінде қалған адамды іздеген. Ас бөлменің есігін ашқанда жалын сыртқа лап берген. Балаларды құтқарғаннан кейін сөмкесін алып, үйіне қайтып кеткен. Қыдырәлінің ерлігін сыныптастары айтқан.
Қыдырәлі спортпен шұғылданады. Ойым ерлік істеу емес, адамды құтқару ғана болды дейді. Оқушы көпбалалы отбасынан шыққан, әкесі вахтада еңбек етсе, анасының жеке кәсібі бар. Анасы Маржанның айтуынша, Қыдырәлі тентектігі де бар, ер мінезді.
© Photo : Айдана ДайыроваТаразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды
Таразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Таразда 10-сынып оқушысы Қыдырәлі Қыздарбек өрттен екі бірдей баланы аман алып қалды
"Қыдырәлі спортпен шұғылданады, көп сөйлегенді, өзі туралы мақтағанды ұнатпайды. Арманы – әскери қызметкер болу. Бірақ ерлік жасады екен деп басынан сипап жатқан жоқпыз, ұрысатын кезде ұрысып аламыз. Қанша батыр болса да тәртіп болу керек", - дейді Маржан Қаменова.
Қыдырәлінің әкесі балаларының барлығын спортқа баулыған, өйткені өзі спортқа жақын болған. "Қыдырәлі осы уақытқа дейін бір сөзімді екі еткен емес" дейді Ербол Бертаев.
Еске сала кетейік, 18 сәуір күні сағат 13:59-да Тараз қаласының "Ұлы Дала" шағын ауданында 4-қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты. Өрт ас бөлмесінен шыққан. Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Жаңалықтар
0