https://sputnik.kz/20250424/kokshetauda-lauazymdy-tulgalar-naberezhnaya-saluga-bolingen-qarzhyny-talan-tarazhga-salgan--52806612.html
Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" салуға бөлінген қаржыны талан-таражға салған
Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" салуға бөлінген қаржыны талан-таражға салған
Sputnik Қазақстан
"Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласында басқа объекті салуға бағытталған қаржы есебінен салынған 24.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-24T13:03+0500
2025-04-24T13:03+0500
2025-04-24T13:05+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18269096_42:0:1142:619_1920x0_80_0_0_2b8bc96ec49b8b4592b47eebcfce274d.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экс басшысы мен "М-Строй Проект" және "ПавлодарЭнергоМонтаж" серіктестігі басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды өңір прокуратурасы. 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап қан орталығына дейін "Набережная" жағалауын салуға мемлекеттен 170 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру – талан-таражға салу фактісі бойынша сараланды. Ал Көкшетаудағы "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласында басқа объекті салуға бағытталған қаржы есебінен жасалғаны анықталды. "Бұл іске қатысы бар бір күдікті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Қылмыстық іс бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді өңір прокуратурасы. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталу сатысында. Бұл іс бойынша соңғы нүктені сот қояды.
https://sputnik.kz/20250105/shymkentte-6-lauazymdy-tulga-zhauapqa-tartyldy-49744859.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1e/18269096_180:0:1005:619_1920x0_80_0_0_7a18eb0cf20cb897dcda15d6357d400a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
Көкшетауда лауазымды тұлғалар "Набережная" салуға бөлінген қаржыны талан-таражға салған
13:03 24.04.2025 (жаңартылды: 13:05 24.04.2025) "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласында басқа объекті салуға бағытталған қаржы есебінен салынған
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экс басшысы мен "М-Строй Проект" және "ПавлодарЭнергоМонтаж" серіктестігі басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды өңір прокуратурасы.
2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап қан орталығына дейін "Набережная" жағалауын салуға мемлекеттен 170 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру – талан-таражға салу фактісі бойынша сараланды.
"Айыпталушыларға мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Күдіктілердің барлығы сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды", - делінген хабарламада.
Ал Көкшетаудағы "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласында басқа объекті салуға бағытталған қаржы есебінен жасалғаны анықталды.
"Бұл іске қатысы бар бір күдікті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Қылмыстық іс бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді өңір прокуратурасы.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталу сатысында. Бұл іс бойынша соңғы нүктені сот қояды.