Дәмханада ас ішкендей кейіп танытып, ақша ұрлаған: Астанада 49 жастағы ер адам ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевДәмханада ас ішкендей кейіп танытып, ақша ұрлаған: Астанада 49 жастағы ер адам ұсталды
Дәмханада ас ішкендей кейіп танытып, ақша ұрлаған: Астанада 49 жастағы ер адам ұсталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Жәбірленушінің сөмкесінде 20 мың теңге мен банк төлем карталарында жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам қаражаты болған
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Астана дәмханаларының бірінде қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктіні Астана қаласының Есіл аудандық полиция қызметкерлері ұстаған.
"49 жастағы ер адам түскі уақытта дәмханалардың біріне кіріп, келушілермен бірге түскі ас ішкен. Алайда оның басты мақсаты ас ішу емес, елдің затын ұрлап кету болған. Ол дәмханада отырған бір келушінің үстел үстінде тұрған сөмкесін сырт киімімен бүркеп, ұрлап кеткен", - дейді ведомство.
Жәбірленушінің сөмкесінде 20 мың теңге мен банк төлем карталарында жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам қаражаты болған. Күдікті бар ақшаны өз қажетіне жұмсап үлгерген. Полиция бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Астанада пәтерге терезеден кірген ұры ұсталды
Жаңалықтар
0