Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматыда әскери қызметшілер 101 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаАлматыда қарулы күштердің әскери қызметшілері 101 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады
Алматыда қарулы күштердің әскери қызметшілері 101 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Ол 17 жасында әскери комиссариатқа барып, майданға өз еркімен сұранған
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ғасыр асқан туған күн иесін десанттық-шабуылдау әскерлері, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері, қоғамдық қор өкілдері құттықтап барды.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаАлматыда соғыс ардагері Тамара Максимованы қарулы күштердің әскери қызметшілері құттықтады
В Алматы военные поздравили ветерана Великой Отечественной Тамару Максимову - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Алматыда соғыс ардагері Тамара Максимованы қарулы күштердің әскери қызметшілері құттықтады
Тамара Александровна 1924 жылы 23 сәуірде Мәскеуде дүниеге келген. Соғыс басталғанда тоғызыншы сыныпты бітірген ол сыныптастарымен бірге әскери комиссариатқа барып, өз еркімен майданға сұранған. Осылайша ол Волоколамск тас жолындағы әскери госпитальге орналасады. Алғашында тіркеу бөлімінде, кейін арнайы курсты оқып бітіріп, медбике болып қызмет атқарды.
"Майдангер 1943 жылы ауыр жарақат алып, денсаулығына байланысты әскерден босатылады. Ол соғыстан кейін 10-сыныпты жедел бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түскен. Кейін диссертация қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 16 жыл жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаАлматыда соғыс ардагері Тамара Максимованы қарулы күштердің әскери қызметшілері құттықтады
В Алматы военные поздравили ветерана Великой Отечественной Тамару Максимову - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Алматыда соғыс ардагері Тамара Максимованы қарулы күштердің әскери қызметшілері құттықтады
Бүгінде Тамара Максимова "Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.
Майдангердің өмір жолы – батылдықтың, еңбекқорлық пен Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің шежіресі іспетті. Ардагер соғыс жылдарын ерекше толқыныспен еске алады.
"Жақында біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Біз үшін бұл жай ғана күн емес, жүрегімізде мәңгі сақталатын ұлы оқиға. Біздің фашизмге қарсы күрестегі басты қаруымыз бірлік, еңбекқорлық, болашаққа сенім және Отанға деген жанқиярлық махаббат болды. Кейінгі ұрпақ Жеңістің қалай келгенін есте сақтауы керек", – деді соғыс ардагері.
Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Шинкевич 100 жылдық мерейтойын  атап өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Қарағандылық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
0