Алматыда дәмхана қызметкерлерін балағаттаған ер адам ұсталды

© Photo : polisia.kzНадпись Polisia на форме
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда дәмханаға келген ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға жақында қаладағы дәмханалардың бірінде болған.
"45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттаған. Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушыны анықтап, ұстады", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Ол сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
"Кез келген жанжалды заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз", - деді Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Қазақстан полициясы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2019
Өңірлер
Полицейді балағаттаған Түркістан тұрғыны кешірім сұрады - видео
Жаңалықтар
0