https://sputnik.kz/20250423/zhasandy-intellekt-qazaqstandyqtarga-gazdy-qosuga-otinish-beruge-komektesedi-52774151.html
Жасанды интеллект қазақстандықтарға газды қосуға өтініш беруге көмектеседі
Жасанды интеллект қазақстандықтарға газды қосуға өтініш беруге көмектеседі
Sputnik Қазақстан
Жоба 2,3 миллионнан астам адамды қамтиды 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T22:47+0500
2025-04-23T22:47+0500
2025-04-23T22:47+0500
жасанды интеллект
газ
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_0:56:1101:675_1920x0_80_0_0_62fb0c3c00197e128449d5e313971c12.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда газға қосылуға тез және дұрыс өтінім беруге көмектесетін жаңа Жасанды интеллект-агент іске қосылады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.Вице-министр Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұл қателердің санын қолданыстағы 30%-дан 5%-ға дейін төмендетеді және техникалық шарттарды алуды жеделдетеді.Қазіргі уақытта газ саласында мемлекеттік қызметтердің 74 түрі ұсынылады. Олардың барлығы азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін толық цифрландырылған.Сонымен қатар "Astana Hub" газ саласы үшін 14 жаңа жобаны іске асыруда. Олардың ішінде ЖИ-аналитикасы бар виртуалды кен орындарының тренажерлері, компрессорларды бақылау жүйелері, цифрлық егіздер, инспекцияға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары және бизнес-процестерді автоматтандыру платформалары бар.2024 жылы жалпы кіріс 1,2 млрд теңгені, ал жұмыс басталғалы бері – 3,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 100-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_62:0:1037:731_1920x0_80_0_0_34917649508adce76cfbfbc2c902016f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект, газ
Жасанды интеллект қазақстандықтарға газды қосуға өтініш беруге көмектеседі
Жоба 2,3 миллионнан астам адамды қамтиды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстанда газға қосылуға тез және дұрыс өтінім беруге көмектесетін жаңа Жасанды интеллект-агент іске қосылады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
Вице-министр Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұл қателердің санын қолданыстағы 30%-дан 5%-ға дейін төмендетеді және техникалық шарттарды алуды жеделдетеді.
"Жобаны 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, ол 2,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды", - дейді Төлеушин.
Қазіргі уақытта газ саласында мемлекеттік қызметтердің 74 түрі ұсынылады. Олардың барлығы азаматтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін толық цифрландырылған.
Сонымен қатар "Astana Hub" газ саласы үшін 14 жаңа жобаны іске асыруда. Олардың ішінде ЖИ-аналитикасы бар виртуалды кен орындарының тренажерлері, компрессорларды бақылау жүйелері, цифрлық егіздер, инспекцияға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары және бизнес-процестерді автоматтандыру платформалары бар.
2024 жылы жалпы кіріс 1,2 млрд теңгені, ал жұмыс басталғалы бері – 3,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар 100-ге жуық жұмыс орны ашылды.