Ұлттық кітап күні: "балалар көзқарасы" челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты

CC0 / StockSnap / Ұлттық кітап күні: "балалар көзқарасы" челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты
Ұлттық кітап күні: балалар көзқарасы челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерімен бөлісті
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы белгілеген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған республикалық "балалар көзқарасы" челленджіне 1 миллионнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
"Балалар көзқарасы" челленджі кітаптың маңызын ұғынуға арналған ауқымды алаңға айналды. Оқушылар оқыған шығармаларынан алған әсерімен бөлісіп, әдеби кейіпкерлердің бейнесін талқылады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 2023 жылдан бастап елімізде "Балалар кітапханасы" атты жоба іске асырылып келеді.
Жоба аясында мектеп кітапханаларының қорына 1,6 миллион дана көркем әдебиет қосылып, жалпы кітап қоры 141 миллионнан асты.
Евразийская международная книжная выставка-ярмарка EURASIAN BOOK FAIR – 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Жаңалықтар
0