Берденовті атқан күдікті Шымкент әкімдігіне қарасты мекемеде жұмыс істеген

© Photo : ДВД АлматыОружие. Архивное фото
Оружие. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Бұл ақпаратты қала әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек растады
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Руслан Берденовті атқан күдікті әкімдікке қарасты мекемеде жұмыс істеген. Бұл туралы қала әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбек орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер оған "күдіктінің әкімдікте жұмыс істегені рас па?" деген сұрақ қойды.
Сәрсен Құранбек бұл ақпаратты әу баста жасырмағанын айтты.
"Ия, рас. Күдікті әкімдікке қатысты құрылыс басқармасының "Тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді. Оны ешкім жасырған жоқ, жасырмаймыз да, айдан анық дүние" - дейді Сәрсен Құранбек.
Ол "Басқарманың өкілі әкім орынбасарын атып жатыр, біздің жүйенің дұрыстығын көрсете ме" деген сұраққа да жауап берді.
"Бес саусақ бірдей емес. Алдарыңызда тілім сайрап отырған менің 10 минуттан кейін қалай боларым белгісіз. Мен ауру болуым мүмкін, эпилепсия болуым мүмкін. Өзімді мысал ретінде келтіріп отырғаныма кешірім сұраймын. Бірақ психо-эмоцианалды жағдайым дұрыс болмауым мүмкін", - деді қала әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ ол әкімдік ғимаратының күзеті күшейтілмейді деді. Айтуынша, қызметкерлер де күзетші ұстамайды, қалыпты жағдайда жұмыс істейді.
Шымкент өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифинг өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
"Болжамдардың бәрі қате": Шымкент әкімдігі Берденовтің оқиғасына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар
0