Байқоңырдағы "Бәйтерек" кешені қанша табыс әкеледі – депутат сомасын жариялады

© Photo : ru.wikipedia.org / Юрий ДанилевскийАрхивное фото Байконура
Архивное фото Байконура - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Коммерциялық мақсаттағы алғашқы зымыран тасығыштарын ұшыру 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Байқоңырдағы "Бәйтерек" зымыран ұшыру кешенінен ел бюджетіне түсетін табыстың көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы айда бірқатар депутат "Байқоңыр" ғарыш айлағына барып, Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісім жөніндегі заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. "Бәйтерек" кешенін жаңғырту жұмысы барысымен де танысып шыққан. Коммерциялық мақсаттағы алғашқы зымыран тасығыштарын ұшыру 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Ал 2028 жылдан бастап жылына үш зымыран ұшыру көзделген.
"Қазіргі цифрланған кезеңде спутникке деген сұраныс өте жоғары. Мәселен, 1 спутникті ғарышқа шығару 50-60 млн доллар тұрады. Яғни 25-30 млрд теңге. Ал оны ғарышқа тасымалдаумен санаулы елдер ғана айналысады. Осы ретте, еліміздегі "Бәйтерек" кешенінің мүмкіндігі зор. Әсіресе, ол отандық ғылымның дамуы мен бюджет қазынасын толтыруға ерекше ықпал етеді", - деді Керімбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал "Байқоңыр" ғарыш айлағын тиімді пайдалану және дамыту үшін үкіметке бірқатар маңызды мәселені шешу керек. Олар:
"Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені объектілерінде 150 адам жұмыс жасайды. Ол қызметкерлердің жалақысы өте төмен, бұл білікті мамандардың кетуіне әкелуде және кадрлар тапшылығына әкеліп соқтыруы мүмкін;
2025 жылдың желтоқсанынан кейін "Союз-5" зымыран тасығышын дайындау және ұшыру бойынша қосымша 155 инженер маман қажет;
"Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілеріндегі Қазақстан Республикасының меншігіндегі көлік құралдарына техникалық паспорт беру мен тіркеу жұмыстарын реттеу;
"Байқоңыр" кешенінде туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыруды жалғастыру;
ғарыш саласында кадрлық резервті қалыптастыру;
отандық ғарышкерлерді дайындайтын арнайы бағдарлама әзілеу.
"AMANAT" фракциясының өкілдері осы мәселелердің бәрін депуттық сауалға енгізіп, премьер-министрдің атына жолдады.
Жаңалықтар
0