Балаева "Қазақфильм" басшылығына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевБалаева "Қазақфильмнің" басшылығына қатысты пікір білдірді
Балаева Қазақфильмнің басшылығына қатысты пікір білдірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2025
Жазылу
Әлеуметтік желіде компания басшысына қатысты пікірталастар толастамай тұр
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильмнің" басшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде әлеуметтік желіде компания басшысына қатысты пікірталастар толастамай тұр.

“Мәдениет саласы болсын, я ақпарат саласы болсын, ең бірінші менеджер басқаруы керек. Бұл - менің ұстанымым. "Қазақфильм" де солай, басшысы режиссер де, актер да болмауы керек, нақты менеджер болуы керек. Сосын нәтижелі жұмыс істеп жүрген адамға орыс тілін білмейсің, қазақ тілін білмейсің деп тисе берген дұрыс емес”, - деді Балаева үкіметте өткен брифингте.

Осы орайда министр желіде шу көтеріп жүрген азаматтарға қатысты өз ойын да айтты.
“Қазір дүрбелеңге салып жүрген бірнеше адам кезінде Қазақфильмде жұмыс істеген. Бірақ компанияның оңтайлы дамуына әсер ететіндей жұмыс жасамаған. Солар жоқ жерден дау-дамай көтеріп жүр ”, - деп атап көрсетті Балаева.
Здание Казахфильма в Алматы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Балаева "Қазақфильм" төңірегінде шыққан дауға қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0