https://sputnik.kz/20250423/aqtobe-oblysynda-180-myn-oqushy-bir-mezette-abay-shygarmalaryn-oqydy-52784027.html
Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында "Абайды оқы, таңырқа!" атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 23.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-23T18:03+0500
2025-04-23T18:03+0500
2025-04-23T18:04+0500
абай
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52783862_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_001a91c3b80d8a108627160355d4af33.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында "Абайды оқы, таңырқа!" атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымындағы 180 мыңнан астам оқушы бір мезетте қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін тебірене оқыды.Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың "Жаз", "Қыс", "Күз", "Ғылым таппай мақтанба" секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлы Абай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
https://sputnik.kz/20250419/erevanda-abay-qunanbayuly-atyndagy-sayabaq-ashyldy---52650817.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/17/52783862_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c40490d6aadf850c390b150cfda19704.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай
Ақтөбе облысында 180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды
18:03 23.04.2025 (жаңартылды: 18:04 23.04.2025) АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында "Абайды оқы, таңырқа!" атты бірыңғай оқу сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Игі шараға облыстың барлық білім беру ұйымындағы 180 мыңнан астам оқушы бір мезетте қатысып, ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін тебірене оқыды.
"Оқу сағатының мақсаты Абай шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шара бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына арнайы ұсынылған шығармалармен жүргізілді. Бүлдіршіндер Абайдың "Жаз", "Қыс", "Күз", "Ғылым таппай мақтанба" секілді өлеңдерін оқыса, орта және жоғары сынып оқушылары ақынның терең философиялық ойлары мен ұлт тағдырына арналған қара сөздерін мәнерлеп жеткізді.
Білім мен тәрбиені ұштастырған бұл рухани сағат оқушыларға үлкен әсер қалдырып, ұлы Абай мұрасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.