https://sputnik.kz/20250422/zhambyl-zhane-turkistan-oblystarynda-shegirtkege-qarsy-200-myn-gektar-zher-ondeldi-52738754.html
Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 200 мың гектар жер өңделді
Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 200 мың гектар жер өңделді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды 22.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-22T22:49+0500
2025-04-22T22:49+0500
2025-04-22T22:49+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:781:1520:1636_1920x0_80_0_0_61bd12ff8abb10419a06aa5afd0b0cc9.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке дернәсілдері таралуына байланысты 200 мың гектарға жуық жер өңделді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары зиянкестермен залалданғаны анықталды. Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады.189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.Қарсы күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр. Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары мен жол карталары әзірленді.
https://sputnik.kz/20250410/turkistan-oblysynda-shegirtke-qaptady-52340102.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:763:1520:1903_1920x0_80_0_0_eba6c0b1705e98332b6aa1492ab4ca0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 200 мың гектар жер өңделді
Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке дернәсілдері таралуына байланысты 200 мың гектарға жуық жер өңделді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары зиянкестермен залалданғаны анықталды. Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады.
189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:
Жамбыл облысында – 0,7 мың гектар,
Түркістан облысында – 188,4 мың гектар.
Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, шегірткелердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумақтарына көшуіне жол берілмеді", - деп жазылған хабарламада.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Қарсы күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр. Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары мен жол карталары әзірленді.