Тоқаев пен Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

© Photo : АқордаТоқаев пен Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді
Тоқаев пен Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов SPK Turkistan индустриалды паркіне барды, деп хабарлады Ақорда.
Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған.
"Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.
Экспозицияға отандық кәсіпорындар шығаратын автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, текстиль, киім және тағы да басқа тауар түрлері қойылған.
Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Жаңалықтар
0