https://sputnik.kz/20250422/qazaqstan-men-turikmenstan-ozara-saudany-1-mlrd-dollarga-zhetkizudi-kozdep-otyr-52734772.html
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
Sputnik Қазақстан
Бердімұхамедов Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді 22.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-22T13:20+0500
2025-04-22T13:20+0500
2025-04-22T13:22+0500
түрікменстан
қазақстан
сауда
https://sputnik.kz/img/07e9/04/16/52729489_0:31:1280:751_1920x0_80_0_0_fdbf9b786e1ad6a234a7985b8a36bc01.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оның айтуынша, БҰҰ қолдаған бұл бастама Түрікменстанның әлемдік деңгейдегі абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді.Бердімұхамедов Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді."Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасы мол. БҰҰ аясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын жариялау жөніндегі Түрікменстанның бастамасына қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Бердімұхамедов.Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді.Мемлекет басшысы "Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак" темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда "Қазақстан – Түрікменстан – Иран" темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан "Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы" автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.Бұдан бөлек, кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды.Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
https://sputnik.kz/20250421/toqaev-pen-berdimukhamedov-qozha-akhmet-yasaui-kesenesine-ziyarat-etti-52702309.html
түрікменстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/16/52729489_95:0:1186:818_1920x0_80_0_0_bbe449735692bfc7098c2c1361094df2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, қазақстан, сауда
түрікменстан, қазақстан, сауда
Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
13:20 22.04.2025 (жаңартылды: 13:22 22.04.2025) Бердімұхамедов Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Газ саласында, сондай-ақ көлік-логистика бағытында стратегиялық маңызды жобалар бар. Біз бұл жұмыстарды бақылауда ұстаймыз. Өйткені оның нәтижесі қазақ-түрікмен экономикалық байланыстарын одан әрі өркендетуге ықпал етеді", – деді президент.
Тоқаев Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оның айтуынша, БҰҰ қолдаған бұл бастама Түрікменстанның әлемдік деңгейдегі абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді.
Бердімұхамедов Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді.
"Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың перспективасы мол. БҰҰ аясында Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылын жариялау жөніндегі Түрікменстанның бастамасына қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Бердімұхамедов.
Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.
Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді.
Мемлекет басшысы "Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак" темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.
Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда "Қазақстан – Түрікменстан – Иран" темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан "Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы" автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.
Бұдан бөлек, кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.