Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде күтілуде

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіПетропавлда су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде күтілуде
Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде күтілуде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы хабарлады.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалады.
"Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болуы ықтимал. Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға таралуда. Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды", - делінген хабарламада.
Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында жағдай ерекше бақылауда.
"Су тасқыны толық аяқталғанға дейін жағдайды тұрақты бақылауда ұстаймыз. Басымдық — азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтау. Барлық қызметтер жоғары дайындықта болып, жедел әрекет ету керек", — деді өңір басшысы.
Есіл өзенінің жайылма алқабында орналасқан Заречный кентінде 6 көпқабатты және 90 жеке үй, №13 орта мектеп пен түзеу мекемесі бар. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүлкін қорғау мақсатында Заречный кентінің тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру туралы шешім қабылданды.
Осы мақсатта 90 және 72 пәтерлі екі көпқабатты үй салынып жатыр. Сонымен қатар, жаңа түзету мекемесі мен Копай шағын ауданында 600 орындық мектеп салынады.
Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары көшірілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Су тасқыны: Ақмола облысындағы ауыл тұрғындары көшірілді
Жаңалықтар
0