Нацизмге қарсы қарардың бірлескен авторы болғаны үшін Қазақстанға ризамыз - РФ СІМ

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМихаил Галузин
Михаил Галузин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
БҰҰ құжатты 2024 жылдың желтоқсанында Ресей мен басқа елдердің бастамасымен қабылданды
АСТАНА, 22 сәуір - Sputnik. Ресей СІМ БҰҰ-ның жыл сайын қабылдайтын "нацизмнің батырлығы, неонацизмге және нәсілшілдіктің қазіргі заманғы нысандарының өршуіне ықпал ететін басқа да практика түрлеріне қарсы күрес" қарарында бірлескен авторлығы үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді.
Құжатты құру туралы бастаманы Ресей мен басқа мемлекеттер білдірді. РФ СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузиннің айтуынша, Ресейде Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадыны қорғау бойынша бауырлас Қазақстанмен бірлескен көптеген жобалар бар.

"Осыдан сексен жыл бұрын Қазақстан көпұлтты Кеңес мемлекетінің бір бөлігі бола отырып, неміс-фашистік басқыншыларды талқандауда және әлемді "қоңыр обадан" құтқаруда баға жетпес құрбандыққа барды", - деді Ресей СІМ басшысының орынбасары.

Қарар 2024 жылдың желтоқсанында қабылданды. Құжаттың тең авторлары Ресейден басқа әлемнің әртүрлі аймақтарынан тағы 39 мемлекет болды. Олар: Әзербайжан, Қазақстан, Вьетнам, Беларусь, Қырғызстан және басқа да елдер. Құжатқа 119 мемлекет дауыс берді, 53 делегация қарсы болды, он ел қалыс қалды.
Қарар бұл жолы да нацистік қозғалысты дәріптеуді және СС ұйымының бұрынғы мүшелерін айыптады. Соның ішінде Нюрнберг трибуналымен қылмыстық деп танылған "Ваффен-СС" бөлімшелерін ақтауды айыптаған.
Граждане России голосуют в Астане на выборах президента РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2024
Ресей СІМ нацизмді ақтауға қатысты баяндама жариялады
Жаңалықтар
0