Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты: банк не дейді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Банк мамандары дереу дүкенге барған
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Kaspi банк терминалдан тоқ соққан баланы емдеп шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біз болған жағдайға қатты өкінеміз. Баланы емдеуге барынша көмек көрсетіп жатырмыз. Отбасымен хабарласып отырмыз. Баланың тез жазылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бақытымызға орай баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген банктің хабарламасында.
Банк мамандары дереу дүкенге барған. Олар оқиғаның себебін мұқият тексеріп жатыр.
Оқиға Талдықорғанда дүкендердің бірінде болды. Ата-анасының айтуынша, баласы терминалды ұстаған сәтте тоқ ұрған. Саусағын күйік шалған.
Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
0