Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын көлікті сатып алатынын айтты

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Тоқаев пен Бердімұхамедовке Қазақстанда құрастырылатын жол талғамайтын көліктің үлгісі көрсетілді
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Түркістанда қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанда құрастырылатын жол талғамайтын көліктің үлгісі көрсетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түрікменстаннан келген мәртебелі мейманның ақ түсті жақсы көретіні бұрыннан белгілі.
"Ақ түске бояңыздар. Сатып аламыз, әңгіме жоқ", - деді Бердімұхамедов.
Қысқа видеоны президенттің баспасөз қызметі бөлісті.
Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанға 21 сәуірде келді. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Одан кейін олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, "Этноауыл" кешенін және Turkistan visit centre орталығын аралады.
Жаңалықтар
0