1 мамырдан бастап жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесі енгізіледі

Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мобилдік бригадалардың жұмыс тәртібі өзгеретінін хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

"Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты",-делінген министрлік хабарламасында.

1 мамырдан бастап не өзгереді:
емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;
өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;
20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.
Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.
Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін — 10 минут, 2-санат — 15 минут, 3-санат — 30 минутты құрайды.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
"Ештеңе өзгермейді": министрлік жедел жәрдем жұмысы туралы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0