https://sputnik.kz/20250421/zhambyl-oblysynda-iis-tigen-ush-bala-koz-zhumdy--aldyn-ala-sebebi-zhariyalandy-52683722.html
Жамбыл облысында иіс тиген үш бала көз жұмды – алдын-ала себебі жарияланды
Жамбыл облысында иіс тиген үш бала көз жұмды – алдын-ала себебі жарияланды
Sputnik Қазақстан
"QazaqGaz Aimaq" компаниясы осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады 21.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-21T10:22+0500
2025-04-21T10:22+0500
2025-04-21T10:23+0500
жамбыл облысы
иіс тию
https://sputnik.kz/img/07e9/04/15/52683366_0:265:960:805_1920x0_80_0_0_1bf4ee53f093c9e543c4bef6782c07a5.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында үйде болған үш бала газдан уланып қайтыс болды. Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.19 сәуірде кешкі уақытта Меркі ауданындағы үйлердің бірінде үш баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына "QazaqGaz Aimaq" компаниясының апаттық бригадасы да барған.Бұдан бөлек, үйде вентиляциялық канал орнатылмаған. Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт, сондай-ақ, түтін мен вентиляциялық мұржаларды тексеру актісі болмаған. Үйдің ішінде газдың деңгейін анықтайтын дабыл құрылғысы да орнатылған жоқ.Бұған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданында үш бала газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған еді.
https://sputnik.kz/20250420/zhambyl-oblysynda-ush-bala-gazdan-ulanyp-koz-zhumdy---52675779.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/15/52683366_0:7:960:727_1920x0_80_0_0_7c20f6ff959aab35cd75a02f3581557b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, иіс тию
Жамбыл облысында иіс тиген үш бала көз жұмды – алдын-ала себебі жарияланды
10:22 21.04.2025 (жаңартылды: 10:23 21.04.2025) "QazaqGaz Aimaq" компаниясы осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында үйде болған үш бала газдан уланып қайтыс болды. Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
19 сәуірде кешкі уақытта Меркі ауданындағы үйлердің бірінде үш баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына "QazaqGaz Aimaq" компаниясының апаттық бригадасы да барған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, 2017, 2019 және 2021 жылғы үш бала иіс тиіп уланды. Апаттық бригада бәрін тексеріп, газдан уланудың бірнеше себебін анықтады. Атап айтқанда, газ қазандығы мен түтін мұржасында түтін тарту күші болмаған. Жылыту пеші қолдан жасалған. Ал мұржаны болат құбырдан жасап, қабырғадан шығара салған. Конденсат жинайтын құрылғы да болмаған", - делінген компанияның ресми хабарламасында.
Бұдан бөлек, үйде вентиляциялық канал орнатылмаған. Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт, сондай-ақ, түтін мен вентиляциялық мұржаларды тексеру актісі болмаған. Үйдің ішінде газдың деңгейін анықтайтын дабыл құрылғысы да орнатылған жоқ.
Бұған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданында үш бала газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған еді.