Спорт министрі марафондағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕрбол Мырзабосынов - председателем Комитета по делам спорта и физической культуры
Ербол Мырзабосынов - председателем Комитета по делам спорта и физической культуры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Министрдің айтуынша, енді марафондарды ұйымдастыру талаптары күшейтіледі
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынова Алматыда екі адамның қазасынан кейін марафондарды ұйымдастыру талаптары күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс", - деп жазды Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Туризм және спорт министрлігі нақты ұсыныстарды да әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайтын болады.
Күні кеше Алматы қаласында өткен жартылай марафонға қатысқан екі адам қайтыс болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Алматыда марафонға қатысқан екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0