Мәскеуде Қазақстан мен Ресей премьерлері келіссөз жүргізеді

© Sputnik / Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуРабочий визит премьер-министра Михаила Мишустина в Казахстан
Рабочий визит премьер-министра Михаила Мишустина в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Екі елдің үкімет басшысының келіссөзі бүгін өтеді
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. 21 сәуірде Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектеновпен кездеседі.
Ресей үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеуде өтетін кездесуде Ресей-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланады.
"Өнеркәсіп, энергетика, соның ішінде бейбіт атом, ғарыш, көлік инфрақұрылымы және цифрлық экономика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылады", - деп хабарлайды Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, Мишустин мен Бектенов 2025 жылдың қаңтарында Астанада кездесті. Тараптар 2024 жылға арналған экономикалық ынтымақтастықтың қорытындыларын жариялаған еді.
Өткен жылдың 11 айында өзара сауда 24,2 миллиард долларға жетті. 2021-2025 жылдарға арналған кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың оң нәтижелері де атап өтілді.
Ресей премьер-министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12,3 трлн теңгеден асты
Жаңалықтар
0