Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі бала қаза тапты

© Sputnik/Ляля ЛиловаСкорая помощь
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Апаттан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кәмелетке толмаған екі бозбала қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жол апаты 21 сәуір күні сағат 11:00 шамасында "Перемётное-Белес" тасжолында болған.
"Jac N 56 және ВАЗ 2110 көліктері соқтығысқан. Соқтығыстың салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы – 2008 және 2010 жылы туған балалар оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Павлодарда жол апатынан 4 адам көз жұмды
Жаңалықтар
0