Аукционда мүлікті арзан бағамен сатып алады – министр "сұр схемалар" туралы айтты

© Sputnik / Санат Имангалиевминистр
министр - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Бүгінде тыйым салынған мүлік сатылатын аукцион кейбір адамдар үшін негізсіз пайда табу жолына айналды
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев борышкерлердің мүлкін аукционда арзан бағамен сатып алудың "сұр схемалары" туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде тыйым салынған мүлік сатылатын аукцион кейбір адамдар үшін негізсіз пайда табу жолына айналды.
"Олар алдымен жоғары бағаны ұсынады. Ал ондай адамды сатып алушы деп танығаннан ақшаны төлемей қояды. Осылайша 1-ші аукцион мүліктің құнын көтеру әдісімен өтпеді деп танылады да, мүлік 2-ші аукционға, төмендету әдісімен беріледі", - деді Сәрсембаев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, мүлікті төмен бағамен сату борышкердің мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Себебі оның мүлкі арзан бағаға сатылса, қарыздың қалған сомасы өтеу керек.
Сондай-ақ, аукционға қатысушылар арнайы бағдарламарды да пайдаланады. Соның арқасында аукционда жеңіске жетіп жатады.
"Мысалы, Астана қаласында сауда-саттық кезінде аукцион жеңімпазы мүліктің құнын 0,2 сек немесе 1 сек ішінде растаған. Нәтижесінде мүлік небәрі 7,5 млн теңгеге сатылған. Бұл нарықтық құнынан-100 млн теңгеден 13 есе төмен. Осыған ұқсас мысал Ақмола облысында табылған. Онда дәл осындай схемамен 2 млн.теңгеге жер учаскесі өткізілген, бұл мүліктің бағалау құнынан 15 есе аз", - деп атап көрсетті министр.
Қазіргі кезде осы мәселелерге байланысты заңнамалық түзетулер әзірленді. Атап айтқанда, қатысушылар тең баға ұсынатын жағдайда мүліктің құны көтеріледі. Ал аукцион жеңімпазы төлем жасаудан бас тартқан кезде алдыңғы баға ұсынысын растаған қатысушыларға мүлікті сатып алуға мүмкіндік беріледі.
Кәрім Мәсімовтің үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2025
Кәрім Мәсімовтің үйі аукционға шығарылады
Жаңалықтар
0