Ақмола облысында алимент төлемеген тұрғынға қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги, архивное фото
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Борышкер алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, 3 жылдан астам уақыт өз міндетін орындамаған
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыс прокуратурасының сайты.
"Қосшы қаласының прокуратурасын үйлестіру кезінде кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден қасақана жалтару бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, борышкер алимент төлеуге нақты мүмкіндігі бола тұра, 3 жылдан астам уақыт өз міндетін орындамаған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде борышкер жартылай алимент бойынша 1 172 249 теңге сомасында төлем жасап, өндіріп алушы мен борышкер арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Прокуратура алимент бойынша міндетін үш айдан астам орындамағандар екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру және 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тартылатынын еске салды.
Телефон, соцсети, иллюстративное изображение - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2025
Ұлытау облысында алимент төлемей жүрген борышкерлер 10,6 млн теңгені бәске тіккен
Жаңалықтар
0