Ұлытау облысында экологтар әкімдікке негізсіз 212 млн теңге айыппұл салған

© Sputnik / Абзал КалиевҰлытау облысында экологтар әкімдікке негізсіз 212 млн теңге айыппұл салған
Ұлытау облысында экологтар әкімдікке негізсіз 212 млн теңге айыппұл салған    - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Жазылу
Прокуратураның қадағалау актісімен қаржы жергілікті бюджетке қайтарылды
АЛМАТЫ, 19 сәуір - Sputnik. Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласының әкімдігінде тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Тексеру барысынды былтыр экология департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне полигонда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 212 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салғаны анықталды.
"Бұл айыппұл заңсыз салынған, себебі 2020 жылдан бастап 2024 жыл аралығында полигон сенімгерлік басқаруға берілген және экологиялық заңнама талаптарын сақтау міндеті сенімгерлік басқарушыға жүктелген. Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы негізінде сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты", - дейді ведомство.
Прокуратураның қадағалау актісімен 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.
Жер аумағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Ақмола әкімдігі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға жер телімін негізсіз бермей келген
Жаңалықтар
0