https://sputnik.kz/20250419/qazaqstanda-ortalyq-aziya--qytay-formatynda-aqparattyq-agenttikter-forumy-otedi-52630148.html
Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" форматында ақпараттық агенттіктер форумы өтеді
Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" форматында ақпараттық агенттіктер форумы өтеді
Sputnik Қазақстан
"Синьхуа" ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі 19.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-19T09:12+0500
2025-04-19T09:12+0500
2025-04-19T09:19+0500
қытай
қазақстан елшісі
https://sputnik.kz/img/07e9/04/13/52629988_0:91:956:629_1920x0_80_0_0_6d20c31e5459d904715edf0953438fd6.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев "Синьхуа" ақпараттық агенттігінің басшысы Фу Хуамен кездесті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Кездесу барысында тараптар "Синьхуа" агенттігі мен Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ медиа саласында бірқатар іс-шараны өткізу мәселелерін талқылады.2025 жылғы негізгі іс-шараларға, оның ішінде "Орталық Азия – Қытай" және ШЫҰ форматындағы саммиттердің ақпараттық сүйемелдеуін үйлестіру және Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы ақпараттық агенттіктердің 2-ші форумын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Фу Хуа Агенттіктің қазақстандық БАҚ-пен ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етіп, қазақ әріптестерімен байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.Елші өз кезегінде Қазақстанның "Синьхуамен" дәстүрлі және жаңа өзара ықпалдастық форматтарында, соның ішінде жаңа медиа, жасанды интеллект және цифрлық контент салаларын одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және жоғарыда аталған бағыттарда қазақстандық мамандар үшін тиісті курстар мен семинарлар ұйымдастыруға мүдделігін айтты."Синьхуа" ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Агенттіктің 200-ден астам өкілдігі бар, оның ішінде бүкіл әлем бойынша 183 халықаралық кеңселері бар, Агенттіктің бас кеңсесінің штаты 10 мың қызметкерлерді құрайды.
https://sputnik.kz/20250416/qazaqstanga-avtomobil-men-munay-gazyn-negizinen-resey-men-qytay-importtaydy--52538947.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/13/52629988_0:1:956:718_1920x0_80_0_0_e44850dd9222bd46eaa0be51f512e855.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан елшісі
Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" форматында ақпараттық агенттіктер форумы өтеді
09:12 19.04.2025 (жаңартылды: 09:19 19.04.2025) "Синьхуа" ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев "Синьхуа" ақпараттық агенттігінің басшысы Фу Хуамен кездесті, деп хабарлады
сыртқы істер министрлігі.
Кездесу барысында тараптар "Синьхуа" агенттігі мен Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ медиа саласында бірқатар іс-шараны өткізу мәселелерін талқылады.
2025 жылғы негізгі іс-шараларға, оның ішінде "Орталық Азия – Қытай" және ШЫҰ форматындағы саммиттердің ақпараттық сүйемелдеуін үйлестіру және Қазақстанда "Орталық Азия – Қытай" форматындағы ақпараттық агенттіктердің 2-ші форумын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Фу Хуа Агенттіктің қазақстандық БАҚ-пен ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етіп, қазақ әріптестерімен байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.
Елші өз кезегінде Қазақстанның "Синьхуамен" дәстүрлі және жаңа өзара ықпалдастық форматтарында, соның ішінде жаңа медиа, жасанды интеллект және цифрлық контент салаларын одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және жоғарыда аталған бағыттарда қазақстандық мамандар үшін тиісті курстар мен семинарлар ұйымдастыруға мүдделігін айтты.
"Синьхуа" ақпараттық агенттігі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік ақпараттық агенттігі. Агенттіктің 200-ден астам өкілдігі бар, оның ішінде бүкіл әлем бойынша 183 халықаралық кеңселері бар, Агенттіктің бас кеңсесінің штаты 10 мың қызметкерлерді құрайды.