Қарағанды облысында ұзақ уақыт тұралап қалған сүт зауыты іске қосылды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚарағанды облысында ұзақ уақыт тұралап қалған сүт зауыты іске қосылды
Қарағанды облысында ұзақ уақыт тұралап қалған сүт зауыты іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Жазылу
Нысанның іске қосылуын жергілікті әкімшілік кедергілер тежеген
АСТАНА, 19 сәуір - Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жаңа сүт зауытының ашылуын тежеген кедергілер жойылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Бас прокуратураның тапсырмасымен Қарағанды облысының прокуратурасы бос тұрған және жүктемесі аз кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізген.
"Мониторинг барысында Бұқар жырау ауданындағы сүт өнімдерін шығаратын шағын зауыттың ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрғаны анықталды. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі құжаттардың сәйкес болмауын алға тартып, кәсіпкерге нысанды бекітуден және қайта тіркеуден екі рет заңсыз бас тартқан", - дейді ведомство.
Қадағалау актісіне сәйкес бұзушылықтар жойылып, нысан қайта тіркеліп, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта өндіріс іске қосылып, 5 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестор 22 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сатып алып, өнімдерін сата бастады.
Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Бизнеске заңсыз шектеу салған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0