https://sputnik.kz/20250419/balalardy-qauipti-kontentten-qorgaytyn-sim-karta-iske-qosyldy-52634372.html
Балаларды қауіпті контенттен қорғайтын сим-карта іске қосылды
Балаларды қауіпті контенттен қорғайтын сим-карта іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, "SIM KIDS" атты пилоттық жобаны іске қосты 19.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-19T10:58+0500
2025-04-19T10:58+0500
2025-04-19T11:18+0500
прокуратура
балалар
https://sputnik.kz/img/156/64/1566470_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_384561beb589504a92fa7b5495b26c83.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Суицидті насихаттау және есірткі секілді интернеттегі қауіпті контенттен балаларды қорғайтын арнайы сим-карта іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов "Х" әлеуметтік желісінде хабарлады.Белгілі болғандай, бас прокурордың тапсырмасы бойынша 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді.Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Үкіметтің қарауында.Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.
https://sputnik.kz/20250401/sim-kartalardy-satudyn-zhana-tartibi-engiziledi---ukimet-52115154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/156/64/1566470_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_26f7b946f2c0e12417d1bb4810eb2367.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, балалар
Балаларды қауіпті контенттен қорғайтын сим-карта іске қосылды
10:58 19.04.2025 (жаңартылды: 11:18 19.04.2025) Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, "SIM KIDS" атты пилоттық жобаны іске қосты
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Суицидті насихаттау және есірткі секілді интернеттегі қауіпті контенттен балаларды қорғайтын арнайы сим-карта іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов "Х" әлеуметтік желісінде
хабарлады.
Белгілі болғандай, бас прокурордың тапсырмасы бойынша 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Үкіметтің қарауында.
"Біз өз тарапымыздан бұл шараларды жүзеге асыруға кірістік. Мәселен, Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, "SIM KIDS" атты пилоттық жобаны іске қосты. Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта", - деп жазды Асылов.
Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.
"Жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады", - дейді бас прокурор.