Қазақстандық гимнаст Милад Карими әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

© Photo : Пресс-служба НОК КазахстанаМилад Карими
Милад Карими - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
Катарда өткен жарыста республика құрамасы қатысушыларының құрметіне Қазақстанның туы көтерілді
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстандық гимнаст Милад Карими Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында үздік деп танылды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті.
Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.
Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.
Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.
Ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов қола жүлдеге ие болды. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинады.
Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды — 14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Нариман Курбанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2025
Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0