Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаҚазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек барды
Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Президент тапсырмасымен Қазақстан Ауғанстанға 36 вагон гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.
"Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі – 2,2 мың тонна. Бұлар – өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек", - дейді ведомство.
Гуманитарлық көмек "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді.
© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаГуманитарная помощь прибыла из Казахстана в Афганистан
Гуманитарная помощь прибыла из Казахстана в Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Гуманитарная помощь прибыла из Казахстана в Афганистан
Екі тарап тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.
21–23 сәуір аралығында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға барады. Сапар аясында Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесіп, қазақстандық тауарлардың көрмесін өткізу жоспарланған.
Жаңалықтар
0