Флорида университетіндегі атыс: Халықаралық бағдарламалар орталығы мәлімдеме жасады

© Photo : ORTCOM.KZКак поспасть в число стипендиатов "Болашак"
Как поспасть в число стипендиатов Болашак - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2025
Жазылу
Флорида штаты университетінде қазақстандық 4 стипендиат білім алып жатыр
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Флорида штатында университет кампусында орын алған оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады.
2025 жылғы 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болып, қайғылы жағдай орын алды. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" орын алған жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр және осы университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен тұрақты байланыс орнатқан. Барлық стипендиаттар аман-есен, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындап отыр", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Флорида штаты университетінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында 4 стипендиат, 3-і магистратура, 1-і докторантура бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.

"Біз студенттерімізге дер кезінде ақпарат беріп, қауіпсіздік шараларын сақтағандары үшін алғыс білдіреміз. Оқиғаға байланысты университет басшылығы барлық оқу үдерісін және іс-шараларды уақытша тоқтатты, - дейді орталықтың баспасөз қызметі.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚШ аумағында жүрген барлық стипендиаттарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, сергек болуды және күмән тудыратын жағдайлар орын алса, дереу орталықпен байланысқа шығуды сұрайды.
Стамбул (Турция). Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2025
Түркиядағы қазақстандық студенттер қауіпсіз жерде – Халықаралық бағдарламалар орталығы
Жаңалықтар
0